KASE индексі сәрсенбіде 0,25%-ға өсіп, 1004,5-ке дейін жетті

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сәрсенбіде KASE индексінің мәні 0,25%-ға өсіп, 1001,97 - ден 1004,51 - ге дейін жетті.

Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 19,4% өсіп, Т52,9 млн  немесе $292,4 мыңды құрады.

Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: Kazakhmys Plc (+3,2%),   «Кселл» АҚ (+1,8%) және  «Қазақтелеком» АҚ (+1%).

Акцияларының бағалары арзандағандар:   «Банк Центр Кредит» АҚ(-2,5%),   «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (-1,8%) және   «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,9%)

adimage