KASE индексі сәрсенбіде 0,5%-ға өсіп, 1030,04-ке жетті

Күні: 18:52, 12-11-2014.

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сәрсенбіде KASE индексінің мәні 0,53% өсіп, 1024,57 –ден  1030,04-ке дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 20,9% өсіп, Т59  млн, немесе $326 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Қазақстан халық банкі» АҚ» (+6,5%), «Қазақтелеком» АҚ(+1,9%), Kazakhmys Plc (+1,4%), «ҚазТрансОйл» АҚ(+0,2%).
Акцияларының бағалары арзандағандар:  «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (-6,1%).


Жаңалықтармен бөлісу: