KASE индексі сәрсенбіде 0,65%-ға өсіп, 2379,41-ге жетті

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,65% -ға өсіп, 2364,14-тен 2379,41-ге дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 7 есе өсіп, Т857,4 млн. немесе $2095,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+2,3%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,9%), «KEGOC» АҚ (+0,6%) және «ҚазТрансОйл» Ақ (+1,2%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,1%), «Кселл» АҚ (-0,2%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-0,1%) акцияларының бағасы түсті.
Қазақтелеком»» АҚ акциясының бағасы өзгерген жоқ.

adimage