KASE индексі сәрсенбіде 0,9%-ға төмендеп, 1054,5-ке дейін жетті

Күні: 19:07, 05-11-2014.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сәрсенбіде KASE индексінің мәні 0,9%-ға төмендеп, 1064,01-ден 1054,48-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциялы мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,1 есеге өсіп,  Т132,7 млн-ды немесе $733,6 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында   «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (-0,1%), Kazakhmys Plc (-0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,1%), «Кселл» АҚ (-1,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,5%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: