KASE индексі сәрсенбіде 1%-ға төмендеп, 1067,66 болды

Күні: 18:33, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сәрсенбіде KASE индексінің мәні 1,03% төмендеп, 1078,8 -ден 1067,66-ға дейін жетті.

Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 6,3 есе төмендеп, Т46,4 млн немесе $256,5 мыңды құрады.

Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында   «Қазкоммерцбанк» АҚ (+2,1%),   «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (+1,2%) және   «Қазақстан Халық банкі» АҚ» (+0,02%) акцияcы өскен.

Акцияларының бағалары арзандағандар:   «Қазақтелеком» АҚ (-5,8%), Kazakhmys Plc (-2,3%),  «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,3%) және   «Кселл» АҚ (-0,04%).


Жаңалықтармен бөлісу: