KASE индексі сәрсенбіде 3,15%-ға төмендеп, 1021,25-ке дейін жетті
Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша бейсенбіде KASE индексінің мәні 3,15%-ға төмендеп, 1054,48-ден 1021,25-ке дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциялы мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 14,5%-ға төмендеп, Т113,4 млн-ды немесе $627 мыңды құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында «Кселл» АҚ (+0,02%), акцияларының бағасы өсті.
«ҚазМұнайГаз» өндіріс барлау» АҚ (-1,2%), «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (-17,4%), Kazakhmys Plc (-0,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсті.