KASE индексі сейсенбіде 0,1% -ға 2205,8-ге дейін өсті

Күні: 18:57, 02-10-2018.

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,13% -ға өсті – 2203,04 -тен 2205,83-ке дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 28,6% түсіп, 78,4 млн. теңгені немесе $218 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында    «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,1%),  «Кселл» АҚ (+0,1%),  «Қазақтелеком» АҚ (+1,7%) және «Қазтрансойл» АҚ (+2%) акциялары қымбаттады.
Ал    Kaz Minerals PLC (-1,9%),  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,2%) және «KEGOC» АҚ (-0,2%) акциялары арзандады.


Жаңалықтармен бөлісу: