KASE индексі сейсенбіде 0,2%-ға түсіп, 1078,8-ге дейін жетті

Күні: 18:35, 21-10-2014.

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбіде KASE индексінің мәні 0,24%-ға өсіп, 1081,43 -тен 1078,8-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,6 есеге өсіп, Т292,1  млн, немесе $1610,6 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Қазахтелеком» АҚ(+3,5%), «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (+1,2%), «Қазақстан халық банкі» АҚ(+1%),«Кселл» АҚ (+0,04%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: «Банк ЦентрКредит» АҚ (-6,1%), «Қазкоммерцбанк» АҚ (-5,2%), «ҚазТрансОйл» АҚ(-1,9%) және Kazakhmys Plc (-1,1%).


Жаңалықтармен бөлісу: