KASE индексі сейсенбіде 0,4%-ға өсіп, 1064-ке жетті

Күні: 18:31, 04-11-2014.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбіде KASE индексінің мәні 0,4% өсіп, 1059,75 –тен  1064,01-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,8 есеге түсіп, Т32,6  млн, немесе $180,4мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Қазақтелеком» АҚ (+1,9%), «Қазақстан халық банкі» АҚ» (+1,1%), «Кселл» АҚ (+0,9%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (-1,2%).


Жаңалықтармен бөлісу: