KASE индексі сейсенбіде 0,5% -ға 2150,6-ға дейін түсті

Күні: 19:09, 18-09-2018.

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейсенбіде  Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 0,52% -ға түсті – 2161,75 -тен 2150,6-ға дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 38,2% түсіп, 69 млн. теңгені немесе 186,2 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында   «Kaz Minerals PLC (+2,3%) акциялары қымбаттады.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-2,3%),  «Кселл» АҚ (-1,7%),  «KEGOC» АҚ (-0,5%),  «Қазақтелеком» АҚ (-0,2%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,8%). акциялары арзандады.


Жаңалықтармен бөлісу: