KASE индексі сейсенбіде 0,5%-ға өсіп, 1024,6-ға жетті

Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбіде KASE индексінің мәні 0,48% өсіп, 1019,7 –ден  1024,57-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,4 есеге түсіп, Т48,8  млн, немесе $270,1мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Кселл» АҚ (+3,7%), «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (+3,1%), «Қазақстан халық банкі» АҚ» (+0,3%), Kazakhmys Plc (+0,03%).
Акцияларының бағалары арзандағандар:  «Қазкоммерцбанк» АҚ(-2,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,8%), «ҚазТрансОйл» АҚ(-0,7%).

adimage