KASE индексі сейсенбіде 0,65% -ға түсіп, 3684,07 болды

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялар саудасының қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,65% -ға 3708,09 -ден 3684,07 дейін түсті.
KASE индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнмен салыстырғанда 34,8 % түсіп, $153,5 мың құрады.
Биржаның хабарлауынша, сауда-саттық барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,1%), «Кселл» АҚ (+0,3%) және «KEGOC» АҚ (+0,04%).акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-2,2%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-2,9%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,002%) акцияларының бағасы төмендеді.

adimage