KASE индексі сейсенбіде 0,9%-ға төмендеп, 1013,5-ке дейін жетті

Күні: 18:36, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбіде KASE индексінің мәні 0,9%-ға төмендеп, 1022,71-ден 1013,46-ға дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциялы мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 36,1%-ға төмендеп,  Т37,8 млн-ды немесе $208,8 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында   «ҚазМұнайГаз» өндіріс барлау» АҚ (+4,7%) акцияларының бағасы өсті.
«Кселл» АҚ (-0,9%),  Kazakhmys Plc (-6,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,8%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: