KASE индексі сейсенбіде 1%-ға түсіп, 1001,97-ге дейін жетті
Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша сейсенбіде KASE индексінің мәні 0,96%-ға түсіп, 1011,68 -ден 1001,97-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,3 есеге өсіп, Т44,3 млн, немесе $244,8 мыңды құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Кселл» АҚ (+0,5%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,3%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: Kazakhmys Plc (-3%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,9%) және «Қазкоммерцбанк» АҚ (-1,6%).