KASE индексі жұма күні 0,2%-ға өсіп, 2474,99-ға жетті

Күні: 18:54, 18-09-2020.

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,2% -ға өсіп, 2470,05-тен 2474,99-ға дейін жетті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 25 есе түсіп, Т33,3 млн. немесе $78,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,9%), «KEGOC» АҚ (+0,5%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,4%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,4%), «Кселл» АҚ (-0,5%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-1,3%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,7%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: