KASE индексі жұмада 0,03%-ға түсіп, 1026-ға дейін жетті

Күні: 18:51, 14-11-2014.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша жұмада KASE индексінің мәні 0,03%-ға түсіп, 1026,36-ден 1026,01-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 35,5% өсіп, Т42,8  млн, немесе $236,9 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Қазкоммерцбанк» АҚ (+4%), Kazakhmys Plc (+3,3%),«Қазақстан халық банкі» АҚ(+2,3%), «Қазахтелеком» АҚ (+2,1%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: «Кселл» АҚ (-6,5%), «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ(-2%), «ҚазТрансОйл» АҚ(-1,6%).


Жаңалықтармен бөлісу: