KASE индексі жұмада 0,3%-ға өсіп, 1094-ке жетті

Күні: 19:09, 17-10-2014.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша жұмада KASE индексінің мәні 0,28% өсіп, 1091 –ден  1094,0-ке дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциямен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 19,2% төмендеп, Т74,8  млн, немесе $412 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында акциялары өскендер: «Кселл» АҚ (+1,9%), Kazakhmys Plc (+1,8%), «Қазақстан халық банкі» АҚ» (+1,8%), «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (-0,3%).
Акцияларының бағалары арзандағандар: «Қазақтелеком» (-2,7%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-1%), «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (-0,3%).  


Жаңалықтармен бөлісу: