KASE индексі жұмада 0,6%-ға төмендеп, 1014,8-ге дейін жетті

Күні: 18:49, 07-11-2014.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша жұмада KASE индексінің мәні 1,45%-ға төмендеп, 1021,25-тен 1014,82-ге дейін жетті.
Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акциялы мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 11,6%-ға өсіп,  Т126,5 млн-ды немесе $699,5 мыңды  құрады.
Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында «Қазақстанның Халық банкі» АҚ (+10,5%) акцияларының бағасы өсті.
«Қазақтелеком» АҚ (-0,9%), «Кселл» АҚ (-7,1%),  «ҚазМұнайГаз» өндіріс барлау» АҚ (-3,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,9%) акцияларының бағасы түсті.


Жаңалықтармен бөлісу: