KASE индексі жұмада 1,03% -ға 2183,7-ге дейін түсті

Күні: 18:23, 07-09-2018.

Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұмада Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша, KASE индексінің мәні 1,03% -ға түсті – 2206,44-тен 2183,68-ге дейін.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күніне қатысты 2,8 есе өсіп, 228,3 млн. теңгені немесе 607,7 мың АҚШ долларын құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында   «Кселл» АҚ (+0,2%), «KEGOC» АҚ (+0,9%).акциялары қымбаттады.
Ал   «Банк ЦентрКредит» АҚ (-2,6%), Kaz Minerals PLC (-3,8%),  «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,9%), «Қазақтелеком» АҚ (-2,3%) және «Қазтрансойл» АҚ (-0,4%)акциялары арзандады.


Жаңалықтармен бөлісу: