KASE индексі жұмада 3%-ға төмендеп, 1091-ге жетті

Күні: 18:15, 16-10-2014.

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) акциялардың сауда-саттық қорытындысы бойынша бейсенбіде KASE индексінің мәні 3,05% төмендеп, 1125,3 –тен 1091-ге дейін жетті.

Ұсынылған индекс тізіміне қосылған акция мен мәміле көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 10,8%-ға  өсіп, Т92,5 млн, немесе $509,8 мыңды құрады.

Биржа мәліметінше, сауда-саттық барысында:  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (-6,5%),   «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»  АҚ (-3,9%),  «Қазкоммерцбанк» АҚ (-3,3%),   «Қазақтелеком» АҚ (-3,1%),   «Кселл» АҚ (-2,3%),   «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,3%) және Kazakhmys Plc (-0,7%)  акциялары   арзандаған.


Жаңалықтармен бөлісу: