KASE-ке облигация орналастыру арқылы «7-20-25» ипотекалық мембағдарламасының қатысушысы Т10 млрд тартты

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – «Баспана» ипотекалық мекемесі» АҚ Қазақстан қор биржасы алаңының (KASE) баламалы алаңына жылдық 9,4400% -бен 10 млрд теңге облигация орналастырды, деп көрсетілген KASE сайтында.
Облигацияның атаулы құны 1 мың теңгені құрайды, төлем жиілігі – жылына 1 рет, айналым мерзімі – 12 ай.
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ақпарына сәйкес, 73,2%-ы тарту көлемі бойынша ЕДБ, 26,8% – ын басқа институциялық инвесторлар сатып алды.
«Баспана» ипотекалық мекемесі» АҚ «7-20-25» тұрғын үй мембағдарламасының қатысушысы болып табылады, ол Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде басталған еді. Ипотекалық мекеме акционері – Қазақстан ұлттық банкі.

adimage