KASE сауда-саттығында теңгенің орташа бағамы Т0,11-ге өсіп, 421,96/ $1-ге дейін жетті

Күні: 18:23, 27-01-2021.

Алматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Сәрсенбіде Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 421,96 теңгені/$1құрады. Өткен сейсенбідегі сауда-саттыққа қатысты доллар Т0,11-ге арзандады.
KASE деректері бойынша теңгенің бағамы 421,51 теңгеден Т422,45/$1 аралығында тіркелген.
Сауда-саттық көлемі $59 617 мың құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: