KASE сауда-саттығында теңгенің орташа бағамы Т1,29-ға түсіп, 419,75/ $1-ге дейін жетті

Күні: 18:36, 22-01-2021.

Алматы. 22 қаңтар. ҚазТАГ - Жұмада Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 419,75 теңгені/$1құрады. Өткен бейсенбідегі сауда-саттыққа қатысты доллар Т1,29-ға қымбаттады.
KASE деректері бойынша теңгенің бағамы Т419,3 теңгеден Т420,5/$1 аралығында тіркелген.
Сауда-саттық көлемі $109 694,4 мың құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: