KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т478,01/$1 болды

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т478,01/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,45-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т477 –Т482,5 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $60 187,3 мың болды.

adimage