KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке түсіп, Т378,83/$1 болды

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т378,83/$1 болды. Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,45-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т378 – Т379,3 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $78,713 млн болды.

adimage