KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,71-ге өсіп, Т427,96/$1 болды

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т427,96/$1 болды.
Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,71-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т427,75 – Т428,2 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $60,061 мың болды.

adimage