KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,79-ға түсіп, Т428,67/$1 болды

Күні: 18:52, 20-10-2020.

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Сейсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т428,67/$1 болды.
Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,79-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т428,3 – Т428,95 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $97,919 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: