KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,19-ға өсіп, Т383,34/$1 болды

Күні: 15:51, 07-06-2019.

Алматы. 7 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т383,34/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,19-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т383 – Т384,4 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $445,88 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: