KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,2-ге түсіп, Т378,38/$1 болды

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т378,38/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,2-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377,78 – Т379,4 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $176,877 млн болды.

adimage