KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,38-ге түсіп, Т383,94/$1 болды

Күні: 15:53, 03-06-2019.

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т383,94/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,38-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т383 – Т384,2 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $190,405 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: