KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,43-ке түсіп, Т414,46/$1 болды

Күні: 14:32, 22-05-2020.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – 15.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т414,46/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,43-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т413,5 – Т416,6 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $71,6 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: