KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,55-ке өсіп, Т418,52/$1 дейін жетті

Алматы. 4 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т418,52/$1 құрады.
Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,55-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т418 – Т418,9 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $142,462 мың болды.

adimage