KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,75-ке түсіп, Т429,8/$1 болды

Күні: 18:32, 26-10-2020.

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т429,8/$1 болды.
Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,75-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т428,5 – Т429,9 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $172,95 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: