KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,82-ге өсіп, Т380,56/$1 болды

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т380,56/$1 болды. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,82-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379,71 – Т381,07 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $121,57 млн болды.

adimage