KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,85-ке түсіп, Т412,55/$1 дейін жетті

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т412,55/$1 құрады.
Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,85-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т411,9 – Т413,1 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $102,637 мың болды.

adimage