KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,02-ге түсіп, Т384,01/$1 болды

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т384,01/$1 болды. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,02-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т383,5 – Т384,65 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $111,535 млн болды.

adimage