KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,14-ке өсіп, Т420,76/$1 болды

Күні: 16:27, 18-09-2020.

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Жұмадағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т420,76/$1 болды.
Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,14-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 420,5 – Т421,05 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $133,374 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: