KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,37-ге өсіп, Т425,6/$1 болды

Күні: 18:54, 23-11-2020.

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Дүйсенбідегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т425,6/$1 болды.
Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,37-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т424,1 – Т426,91 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $170,595 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: