KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,51 –ге түсіп, Т462,72 болды

Аcтана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Дүйсенбі күнгі жағдай бойынша қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) $1 орташа бағамы Т462,72 жетті.
Жұма күнгі сауда-саттыққа қатысты доллар Т2,51–ге қымбаттады.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т458,9- Т465,5 болды.
Сауда-саттық көлемі $171 587,59 мың болды.

adimage