«Kaspi Bank» АҚ жарнамасы түрінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық сайтына сілтеме таратылған

Күні: 18:40, 06-01-2020.

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ – «Kaspi Bank» АҚ жарнамасы түрінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы алаяқтық сайтына сілтеме таратылған, деп хабарлады KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі.
«KZ-CERT» компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі «Kaspi Bank» АҚ-ның жарнамасы түрінде таратылған және мұнда пайдаланушыларға сауалнамадан өтіп,140 000 теңгеден жоғары соманы алу ұсынылған күдіктіинтернет-ресурсты талдауды жүргізді.
Осы акцияға қатысу үшін пайдаланушы k24.albankasru.ru интернет-ресурсына өтіп, мұнда оған сауалнамадан өту және140 000 теңгеден бастап600 000-ға дейінгі соманы алу ұсынылған. «Сауалнамадан өту» батырмасын басып, пайдаланушы ТАӘ енгізу қажет болатын sp-questions-new.aadqj.icu интернет-ресурсына бағытталған, ал бонус сомасы әлдеқашан ресей рублімен көрсетіліп, бұл ретте тиімді ұлғайған және 65 000 рублден басталатын», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ары қарай, қызмет ақпарынша, «пайдаланушыға қарапайым сауалнамадан өту және содан кейін пайдаланушыға ұтыс сомасы картасына есептелетін тәрізді, бекітпе төлемді орындау ұсынылған».
«Бұл KZ-CERT қызметі 2019 жылы айқындаған алаяқтықтың кең таралған схемаларының бірі. Бекітпе төлемді жүзеге асыру үшін пайдаланушы азаматтың дербес деректерін толтыру және CVC-коды көрсетілген банк картасының деректерін енгізу қажет болатын pay4me.icu интернет-ресурсына бағытталған. «KZ-CERT» қызметі жүргізілген талдаудың нәтижесінде «Интернет сегментіндегі фишинг/Алаяқтық» ретінде сыныпталған ақпараттық қауіпсіздік инцидентін айқындады. Интернет сегментін пайдаланушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «KZ-CERT» қызметі осы АҚ инцидентіне қатысы бар алыс және таяу шетелдердіңкомпьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтерін хабарландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізді. Сонымен бірге бүгінгі күні аталған интернет-ресурстар қолжетімсіз», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: