Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Kaspi.kz Қазақстандағы ірі сауда интернет-алаңдарының ренкингінде алтыншы рет үздік деп танылып отыр: TOP KZ Retail E-Commerce 2023.
«Біз Kaspi.kz – нің Қазақстанда құрылған технологиялық және инновациялық компания екеніне мақтанамыз. Әлемдік деңгейдегі онлайн сервистерді ұсына отырып, сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға ұмтыламыз. Ал біздің бизнеске жасалған сервистеріміз қазақстандық кәсіпкерлерге өсуге, дамуға және жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Бізбен бірге болғандары үшін әрбір клиентімізге және әріптесімізге рақмет!», - деді Kaspi.kz негізін қалаушы және басшысы Михаил Ломтадзе.
TOP KZ Retail E-Commerce ренкингін жыл сайын Forbes Kazakhstan іскери журналы
Baker Tilly Kazakhstan халықаралық консалтингтік компаниясымен бірге жасайды. Авторлар қазақстандық интернет компанияларды онлайн-сатудан түскен кіріс көлемі бойынша бағалайды.
Kaspi.kz – Қазақстандағы №1 интернет дүкені
