«Бұл зерттеу іс жүзінде қате ақпарат беріп, инвесторларды шатастыру үшін әдейі жасалған. Біздің акциялар Лондон қор биржасында 2020 жылдан бастап сатылады және жақында NASDAQ-та сатыла бастадық, яғни ашық саясат ұстанатын компаниямыз. Реттеуші қойған талаптарға сәйкес үнемі ақпаратты ашық жариялаймыз. NASDAQ-тағы соңғы IPO барысында кең ауқымды құқықтық тексеруден өттік. Өз өнімдерімізге, есептілігімізге, сәйкестік бағдарламаларына және бақылау құралдарына сенімдіміз. Әдеттегідей ұзақмерзімді стратегиямызға назар аударамыз», – деді Kaspi.kz басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.
Kaspi.kz-тің миссиясы – адамдардың өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау. Сондықтан біз екі маңызды бағытта жұмыс жасаймыз: бір жағынан, сүйікті клиенттерімізге сауда жасауға, төлем жасауға, жеке қаржысын басқаруға көмектессек, екінші жағынан, серіктестерімізге өз бизнесін дамытуға көмектесеміз.
Фото көзі: 2gis.kz