Каспий маңы елдері кемелерді тексеруге бірыңғай тәсіл жасау үшін меморандум әзірлеуде

Күні: 18:24, 19-12-2018.

Алматы. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Тегеранда Каспий теңізінде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өңірлік ынтымақтастықты талқылау бойынша Каспий маңы елдері жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, делінген Қазақстанның инвестиция және даму министрлігінің хабарында.
«Порттардағы Кемелерді Каспийде қолданылатын ИМО конвенцияларының талаптарына сәйкестігін тексеруге бірыңғай тәсіл әзірлеу үшін Каспий маңы елдері Қара теңіз, Париж (ЕО порттары) және Токий (Азия-Тынық мұхиты өңірінің порттары) меморандумдарының баламасы ретінде Каспий теңізіндегі порт мемлекетінің Кемелерді бақылауы туралы Меморандумын әзірлеу жұмыстары жүргізуде», - делінген сәрсенбіде жарияланған хабарда.
Меморандум теңізде жүзу қауіпсіздігінің жалпы міндетті талаптарын сақтауды, Каспий маңы порттарындағы кемелерді тексеру санын азайтуды, сондай-ақ өңірдегі порттағы мемлекеттік бақылауды тексеру тарихы бар бірыңғай ақпараттық жүйені құруды қамтамасыз ететін бірінші өңірлік құжат болып табылады.
Отырыс аясында халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) Конвенциялары мен қарарларының тізбесін қалыптастыру жөніндегі мәселе қаралды. Ондағы талаптар барлық Каспий маңы елдері мен олардың Каспийде жүзетін кемелері үшін міндетті болады.
«Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қабылдау теңіз аварияларын тексеру, теңізде жүзу қауіпсіздігін және Каспий теңізіндегі кемелерді бақылауда өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: