Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Каспий теңізінің Қазақстан секторы айдынының солтүстік бөлігінде навигациялық кезең жабылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Каспий теңізінің Қазақстан секторы айдынының солтүстік бөлігінде Әскери-теңіз күштерінің Гидрографиялық қызметі навигациялық кезеңді жапты. «Жайық» гидрографиялық кемесі су бетіндегі қалқыма белгілер мен межелерді жинап алды. Бұл Каспий теңізінің Қазақстан секторы акваториясындағы температураның төмендеуімен байланысты», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Каспийде навигацияның жабылуы қыс мезгілінде, ең алдымен, ауа райының қолайсыз болып, мұз қатқан кезде, сондай-ақ кемелердің жүруіне басқа да кедергілер көбейгенде теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Каспий теңізінің Қазақстан секторы айдынының солтүстік бөлігінде навигациялық кезең жабылды
