Каспийдегі астық терминалы астықты ауыстырып тиеуді 13 мың тоннадан астамға көбейтті

Күні: 16:02, 11-02-2019.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Каспийдегі «Ақ Бидай-Терминал» астық терминалы 2018 жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда астықты ауыстырып тиеу көрсеткішін 13 мың тоннаға арттырған, деп хабарлады «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
«2019 жылдың 1 айындағы қызметінің нәтижесі бойынша «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ («Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы) Ақтау қ. портындағы астық терминалы арқылы 95 125 тонна астықты ауыстырып тиеді. 2018 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 78 224 тонна астық болатын. 20118 жылы жақын жне алыс шетелдереге 818,4 мың астық ауыстырып, тиелді», - делінген хабарда.
«Ак Бидай-Терминал» акционерлік қоғамының астық терминалы Каспий теңізінің шығыс жағалауында Ақтау теңіз портында орналасқан. Терминалдың жалғыз акционері «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ болып табылады.
Терминалда жалпы көлемі 22,5 мың тонна астықты уақытша сақтауға арналған 11 орын бар. терминалдың көліктік коммуникацияларының өндірістік қуаты сағатына 350 мың тонна астықты ауыстырып тиеуді құрайды, бұл тәулігіне 3 мың тоннаға дейін астықты темір жол вагондарынан қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал теңіз кемелеріне тәулігіне 4 мың тоннаға дейін астық ауыстырылып тиеледі.
Терминал тәулік бойғы режиммен жұмыс ажсайды, белсенді желдету жүйесімен, жоары дәлдіктегі элеткронды таразылармен және жоғары сапалы қызмет көрсетуді қаматамсыз ететін барлық технологиялық циклді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.


Жаңалықтармен бөлісу: