Каспийдің қазақстандық секторы бөлігіндегі режимдік шектеулерді ҚР ҰҚК тоқтата тұруды қалайды

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ - Каспийдің қазақстандық секторы бөлігінде режимдік шектеулердің қолданылуын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тоқтата тұруды қалайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2021 жылғы 30 қарашаға дейін теңіз экономикалық қызмет аудандарын (теңіз порттары, су жинау арналары, газ терминалдары, теңіз дәліздері мен фарватерлер) қоспағанда, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Сағындық мүйісінен Ракушечный мүйісіне дейінгі режимдік шектеулердің қолданысы тоқтатыла тұрсын", - делінген ҰҚК бұйрығының жобасында.

Көрсетілген кезеңде комитет жеке және заңды тұлғалар демалу, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) теңізге бір теңіз миліне (1852 метр) дейінгі қашықтыққа еркін шығуына, белгіленген акваторияда жүзуіне және (немесе) пайдалануына жол беруді жоспарлап отыр.

adimage