Катарда семсерлесуден Гран-приде қазақстандық әлемдік рейтингтің 4-жолағына орналасты

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Дмитрий Алексанин Дохада (Катар) семсерлесуден Гран-приде әлемдік рейтингтің 4-жолағына орналасты, деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Катарда семсерлесуден Гран-приде ақмолалық семсерші, Азия ойындары-2018 чемпионы Дмитрий Алексанин қорытынды 11-орынды иемденіп, әлемдік рейтингте төртінші болды. (…) Ол бірден 1/32 финалдан бастап, француз Луиджи Мидлтонды жеңді – 15:11. Сосын ақмолалық корейлік Санг-Мин Кимнен басым түсті – 15:8, алайда келесі раундта, 1/8 финалда испандық Юлен Перейрадан жеңілді – 11:15», - делінген хабарда.

adimage