Катардағы Қазақстанның экс-елшісі инвестиция комитетіне басшы болып тағайындалды

Күні: 18:48, 01-10-2020.

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан сыртқы істер министрлігі инвестция комитетінің төрағасы болып Асқар Шоқыбаев тағайындалды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев Қазақстан сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - деп хабарлады бейсенбі күні Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосынан.
Шоқыбаев 2014 жылдың қыркүйегінен бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін Катардағы Қазақстан елшісі болды, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Дубайдағы бас консул қызметін атқарды, 2008-2012 жылдар аралығында Ыстамбулда бас консул қызметін атқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: