KAZ Minerals 2018 жылы мырыш концентратының өндірісін жосарланғаннан 17,2% қысқартты

Күні: 16:25, 24-01-2019.

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылы KAZ Minerals Тобы 2017 жылмен салыстырғанда 14%-ға артық, яғни 295 мың тонна мыс өндірді, алтын–2,6%, 183,4 мың унцияға, күміс –0,1%, 3,511 млн унцияға дейін және мыс өндірісі жоспарланған көлемнен 17,2% азайып, 49,7 мың тоннаны құрады, деп хабарлады компаниядан.
«2018 жылы KAZ Mineralsтың кәсіпорындары жақсы өсім көрсетті: мыс өндірісінің көлемі 14%-ға артып, 295 мың тоннаға жетті. Топтың мыс өнімінің 45%-ы, яғни, 131,4 мың тонна мыс 2017 жылы іске қосылған Ақтоғай КБК-де өндірілді. Ерекше атап өтер жәйт – 2018 жыл Топ жыл сайынғы мыс өндірісінің жоспарына жеткен оныншы жыл және Қазақстандағы ірі өркендеу жобаларымыз – Бозшакөл мен Ақтоғай өндірісті табысты өсіре білген кезең болды», - деп келтіреді баспасөз қызметі KAZ Minerals басқармасының төрағасы Эндрю Саузамның сөзін.
Құжатқа сәйкес, мыс өндірісінің артуы негізінен Ақтоғай КБК-дегі жоғарғы жетістіктердің арқасында орын алды, ал өндірілген мырыш концентратының көлемі төмен болып шықты – «бұған Артемьев шахтасының екінші кен шоғырына жақын учаскелердегі кеннің құрамындағы мырыштың күтілгеннен аз мөлшері әсер етті».


Жаңалықтармен бөлісу: