«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы тағайындалды

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Сартбаев 2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі лауазымында, 2015–2018 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры, оған дейін 2013 - 2015 жж осы кәсіпорын директорының орынбасары болған.
.

adimage